Батыс Қазақстан облысында сталкинг бабымен екі адам жауапқа тартылды
© Сурет: pexels
Батыс Қазақстан облысында екі ер адам сталкинг фактілері бойынша сотталды. Сталкинг — зорлық-зомбылық тікелей қолданылмаса да, адамның еркінен тыс жасалып, оның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін әрекеттер, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы жағдай Бөрлі ауданында тіркелді. Ақсай қаласының тұрғыны полицияға бұрынғы танысы тарапынан жүйелі түрде қудалау мен қорқытуға ұшырап келе жатқаны туралы арызданған. Ер адам жәбірленушінің үйі мен жұмыс орнының маңында жиі пайда болған. Бір күні ол әйелді қолынан ұстап, жерге құлатып, физикалық күш қолдануға әрекет жасаған. Құқыққа қайшы әрекеттер куәгерлердің көмегімен тоқтатылды.
"Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот оған үш ай мерзімге мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі", делінген полиция хабарламасында.
Екінші іс Бөкей ордасы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан сотқа жолданды. Үкімді Бөкей ордасы аудандық соты шығарды. Анықталғандай, 2025–2026 жылдар аралығында ер адам бұрынғы жұбайын жүйелі түрде қудалап, оған хабарламалар мен әлеуметтік желілер арқылы қорқыту сипатындағы жазбалар жіберген. Оның әрекеттері жәбірленушіге елеулі психологиялық зиян келтірген.
"Сот ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарды адамның еркінен тыс жасалатын, қорқыныш пен мазасыздық туғызып, қалыпты өміріне кедергі келтіретін осындай әрекеттерге тап болған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға шақырады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа бабы — "Сталкинг" бойынша тергеуді аяқтағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:27, 9 ақпан 2026
«Сары шұнақ аяз басталады». Астана, Алматы және еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:33, 9 ақпан 2026
Шымкентте алаяқ әйел жоқ пәтерлерді жалға берген
-
20:15, 9 ақпан 2026
Қазақстанда 10 ақпанда барлық өңірде қатты жел болатыны ескертілді
-
19:32, 9 ақпан 2026
6 млрд теңге жымқырды деген шетелдік күдікті Черногориядан Қазақстанға экстрадицияланды
-
19:02, 9 ақпан 2026
Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп





