2025 жылы Қазақстаннан қанша адам кетіп, керісінше сырттан елге қанша адам келді

21:49, 9 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның көші-қон сальдосы 16,2 мың адамды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2025 жылғы қантар-желтоқсанда елге келгендер саны 23761 адамды, елден кеткендер саны 7608 адамды құрады. Көші-қон айырымы 16153 адамды құрады.

2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 20,7%-ға, Қазақстаннан кеткендер саны 40,5%-ға азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен арада жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 81,8%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 71,8% құрады.

Ал ішкі көші-қон, керісінше өсімді көрсетіп отыр. 2024 жылымен тиісті кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 13,6% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (87459 адам), Алматы (12110 адам), Шымкент (15130 адам) қалаларында және Алматы обласында (33126 адам) халықтың көші-қонының оң айырмасы қалыптасты.

Өңіраралық көші-қонның теріс сальдосы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарын қоса есептегенде, көптеген облыста сақталуда, бұл елдің ірі қалалық агломерацияларында халықтың үздіксіз шоғырланып жатқанын көрсетеді.

Бұған дейін Қазақстан Франциямен арадағы заңсыз көші-қон туралы келісімді ратификациялағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!