Депутат Қазақстандағы меншік институтын жетілдіруді ұсынды

19:01, 9 ақпан 2026

© Фото: zakon.kz

Депутат Азат Перуашев 2026 жылғы 9 ақпанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстандағы меншік институтына жеке-дара тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азат Перуашев отырысқа қатысушыларды жаңа Конституция жобасын талқылау аясында меншік институты мәртебесіне назар аударуды сұрады.

"Бүгінде бүкіл әлемде болып жатқан үдерістер меншік қатынастарын реттеуді, жаңғыртуды қажет ететінін көрсетіп отыр. Қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі ғана көзделген: мемлекеттік және жекеменшік. Ал заманауи экономистер кемінде 5-6 түрлі меншік түрін бөліп көрсетеді. Финляндия, Литва, Латвия, Әзербайжан мен басқа да елдерде мемлекеттік және жекеменшікпен қатар, конституцияларында муниципалдық меншік түрі көрсетілген. Қытай, Бразилия, Үндістан конституцияларында оларға кооперативтік меншік қосылған", - дейді ол.

Оның айтуынша, бірқатар елде экономиканы әртараптандыруды ынталандыру мақсатында меншік түрлерінің тізбесі мүлдем шектелмеген.

"Осыған байланысты жаңа Конституция жобасының 8-бабының 1-тармағын келесі редакцияда баяндауды ұсынамын: "Қазақстан Республикасында меншіктің барлық түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады". Бұл норма экономиканың дамуына, бизнес, қоғам және мемлекет арасындағы қатынастардың күшеюіне оң ықпал етіп, барлық меншік түрін қолдау мен қорғауды білдіреді деп сенімдіміз", - деді депутат.

Бұған дейін Марат Шибұтов Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын екенін айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!