Тоқаев: Елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болады
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі. Онда президент елорданы дамытудың өзекті мәселелерін қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын айтты.
"Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Түрлі бағыт бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 11 айда қысқа мерзімге арналған экономикалық индикатор 118,6 пайызға жетті. Инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұр",- деді ол.
Оның айтуынша, елорданың көш басында болуы – заңдылық.
"Биыл елордадағы тұрғын үй құрылысы 5 миллионға жуық шаршы метрді құрайды. Бұл елімізде пайдалануға берілген баспананың төрттен бірі және Орталық Азия аймағындағы басқа астаналардың көрсеткіштерінен бірнеше есе артық. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2025 жылдың 11 айында 2,8 триллион теңгеге жетіп, 7,2 пайыз өсті. Яғни 6 миллиард доллар шамасында. Биылғы 11 айда сауда көлемі 10,8 триллион теңгеден асып, 8,4 пайыз өсім көрсеткен Бұл –шамамен 22,5 миллиард доллар. Маған берілген мәлімет бойынша, қала бюджетіне 4,3 триллион теңге салық түскен. Мұны қомақты қаржы деуге болады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Астананың 2024 жылғы өңірлік жалпы өнім көлемі 15 триллион теңгеден сәл асты. Бұл – 32 миллиард доллар. Биылғы қорытынды бойынша 34, тіпті, 35 миллиард доллар (17 триллион теңге немесе одан да жоғары) болады деп күтілуде. Ал қаладағы халықтың ресми саны 1,6 миллион адамға жеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:42, 24 желтоқсан 2025
ДСМ медицина қызметкерлерінің жалақысы артатыны туралы жағымды жаңалықты хабарлады
-
19:31, 24 желтоқсан 2025
Тоқаев New Generation School Astana ғимаратына барды
-
19:15, 24 желтоқсан 2025
Ахмади Маханов Еуропада үздік ойыншы атанды
-
19:08, 24 желтоқсан 2025
Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді
-
18:50, 24 желтоқсан 2025
Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді анықтады





