Теміртауда ірі көлемде мефедрон мен PVP тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының Теміртау қаласында полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы бағыттағы жедел іс-шаралар барысында 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдікті есірткілік мас күйде болған, бұл оның тәртібінен бірден аңғарылған. Жеке тінту кезінде ер адамның қалтасынан есірткі заттары салынған екі полиэтилен пакет табылды.
Атап айтқанда, олардың бірінде жалпы салмағы шамамен 2 грамм мефедрон, ал екіншісінде салмағы 1 граммға жуық "PVP" есірткі заты анықталды. Сонымен қатар полицейлер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді заттың тағы 5 граммын тауып, тәркіледі.
Аталған заттың нақты құрамы сараптама нәтижесінен соң анықталатын болады. Пәтерден есірткі тұтынуға арналған заттар – пластик бөтелке, сондай-ақ ішінде белгісіз заттың қалдықтары бар пипеткалар табылды. Бұдан бөлек, тергеу үшін маңызы бар ақпараттар болуы мүмкін ұялы телефондар да алынды.
Аталған дерек бойынша ұсталған азаматқа қатысты есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында есірткілік мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





