Медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өсті
© Фото: Zakon.kz
Биыл медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі. Сондай-ақ дәрігерлердің құқығын қорғау жұмыстары жетілдірілмек.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, соңғы жылдары салаға бөлінетін мемлекеттік қаржы үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен, деп жазады qazaqstan.tv.
Нәтижесінде ірі медициналық орталықтар іске қосылып, ауылдық жерлерде 650-ден астам жаңа нысан пайдалануға берілді.
Тарифтік саясат қайта қаралып, ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық және шұғыл медициналық көмек сапасы артты. Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде.
"Денсаулық сақтау саласында "eDensaulyq" экожүйесі қалыптасып, жасанды интеллект дәрігерлерге қолдау және медициналық көмектің сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде енгізілуде. Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі заңға өзгерістер мақұлдады. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолданғаны үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізілді." Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





