ШҚО-да полицейлер ірі көлемде қарызы бар тұрғынды анықтады
© Фото: Zakon.kz
Өскемен қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері сот шешімдері мен қаржылық міндеттемелерін ескермейтін азаматтарды іздестіру бойынша нәтижелі жұмысты жалғастыруда.
Тәртіп сақшыларының назарына 55 жастағы қала тұрғыны іліккен. Ер адам 2025 жылдың маусым айынан бастап Өскеменнің басқа бір тұрғынының пайдасына шешілген ірі көлемдегі қарызды төлеуден жалтарған. Қарыз сомасы 2,5 миллион теңгені құрады.
Борышкердің көзге түспеуге тырысқанына қарамастан, жедел іс-шаралар барысында көші-қон қызметінің мамандары оның нақты жүрген жерін анықтады.
Енді барлық соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін іске сот орындаушылары кіріседі.
Жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті осындай 50-ден астам төлем жасамай жүрген тұлғаны іздеп тапты.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі ескертеді: борыштық міндеттемелерден жасырыну әрекеттері жағдайды қиындата түседі. Сот актілерін орындамағаны үшін ҚР заңнамасында жай жауапкершілік қана емес, сонымен қатар нақты мәжбүрлеу шаралары да қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





