Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды

21:11, 9 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилер соты облыс тұрғынын кісі өлтіру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыс 2025 жылдың наурыз айында "Қарағанды – Теміртау" бағытындағы автобуста болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2025 жылғы 10 наурызда №107 автобуста болған. Айыпталушы Я. мен оның танысы М. алкогольдік масаң күйде спирттік ішімдік ішіп, бейәдеп сөздер айтқан. Бұл жолаушылардың наразылығын туғызып, олардың бірі Я.-ға ескерту жасаған, соның салдарынан сөзге келген.

Теміртаудағы "Кооператор" аялдамасында автобустан түскеннен кейін жанжал төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде Я. жәбірленуші Х.-қа пышақпен бірнеше рет соққы жасап, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, автобустағы бейнебақылау камерасының жазбасымен, сондай-ақ сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Прокуратура 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап айыптау ұстанымын қолдады. Ал қорғау тарапы жазаны ең төменгі шектен төмен тағайындауды талап етті.

Алқабилер соты қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуын ауырлататын мән-жай ретінде, ал жәбірленушінің заңға қайшы әрекеттерін және айыпталушының шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескере отырып, Я.-ға орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ сот үкімімен сотталғаннан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 8 млн теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!