Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысы бар кезекті күдіктіні анықтап, ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Жеке тінту кезінде одан 25 орама тәркіленді.
Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат синтетикалық есірткі — мефедрон болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің есірткіні жасырын жолмен таратумен айналысқаны анықталды.
Оның айтуынша, заңсыз іске интернет арқылы тартылған, ал "қызметі" үшін ақы онлайн-аударымдар арқылы төленіп отырған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстық тізбектің ұйымдастырушыларын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жалғастыруда.
"Есірткі саудасымен айналысатын, соның ішінде интернет арқылы таратуға қатысы бар тұлғаларды анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Біз тек орындаушыларды ғана емес, қылмыстық схемаларды ұйымдастырушыларды да әшкерелеуге басымдық беріп отырмыз. Әрбір осындай факт ерекше бақылауда", – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





