Шетелдіктерге жұмысқа орналасу үшін анықтама беру: өзгерістер енгізілді
© Фото: gov4c.kz
Еңбек министрлігінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Атап айтқанда, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (немесе оның уәкілетті өкілі) "Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы – egov.kz, elicense.kz, migration.enbek.kz арқылы анықтама беру туралы өтінішті және қажетті құжаттарды жолдайды.
Ұсынылған құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттар тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды комиссияның қарауына жібереді.
Комиссия өтініштер мен құжаттарды қарау барысында олардың экономиканың басым салаларындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктілік пен білім деңгейіне сәйкестігін тексереді.
Анықтама алуға өтініш берген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) ұйымдардағы басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуге тиіс екені көрсетілген.
Комиссия бағалауды шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдау, сондай-ақ біліктілік сипаттамаларының критерийлері негізінде жүргізеді және анықтаманы беру немесе беруден бас тарту туралы, бас тарту себептерін дәлелді түрде көрсете отырып, ұсыным береді.
Комиссияның шешімі үш жұмыс күні ішінде әрбір шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға жеке қабылданады, хаттамамен рәсімделеді және отырысқа қатысқан комиссия мүшелері қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттар талаптарға сәйкес болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде анықтаманың қолданылу мерзімін еңбек шартының мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын уақытқа ұзартады.
Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, шетелдік қызметкер немесе азаматтығы жоқ адам бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға еркін нысанда жазбаша хабарлама жолдайды.
Анықтаманы қайтарып алуға негіз болып шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамада көрсетілген мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы табылады.
Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде, анықтамаға сәйкес келмейтін қызмет анықталған жағдайда, анықтаманы қайтарып алады.
Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгергенде, сондай-ақ жұмыс беруші ауысқан кезде жүзеге асырылады.
Бұл ретте шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап немесе жұмыс беруші ауысқан жағдайда бес жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш пен тиісті мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, анықтаманы қайта ресімдейді.
Сонымен қатар қағидаларға анықтаманың жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру туралы тармақ енгізілді.
Бұл жағдайда анықтаманың жоғалған немесе бүлінген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде elicense.kz немесе migration.enbek.kz порталдары арқылы өтініш пен қажетті құжаттар тапсырылады.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманың телнұсқасын береді.
Анықтама келесі жағдайларда өз күшін жояды:
- берілген мерзімінің аяқталуы;
- шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін мамандық бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру фактісінің анықталуы.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





