«Тек Каспийде мекендейді»: сирек кездесетін итбалық видеоға түсіп қалды
© Сурет: Telegram/qazfwc
"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкері Каспий итбалығын кездестіріп, оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 11 қарашада, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді.
"Біз теңізге қарап тұрдық. Ал теңіз бізге қарап тұрды… Патрульдеу кезінде "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы ерекше сәтке куә болды. Судан Каспийдің ең ерекше әрі сирек кездесетін мекендеушілерінің бірі – Каспий итбалығы басын қылтитып шығарды! Бұл таңғажайып жануар әлемнің басқа ешбір теңізінде кездеспейді. Ол тек Каспийде мекендейді және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген", – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, өздері үшін бұл – сирек кездесетін сәт, ал итбалық үшін теңіз – өзінің туған мекені.
"Табиғатты қорғау – жабайы жануарлардың еркін тіршілік етуіне мүмкіндік беретін ортаны сақтау. Сіздің ойыңызша, табиғаттың басты байлығы неде?" – деп сауал жолдады комитет қазақстандықтарға.
Бұған дейін, 2026 жылғы 6 қазанда, "Ақжайық" табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Атырау облысының Махамбет ауданындағы теңіз жағалауында Каспий итбалығын кездестіргені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:12, 11 қараша 2026
Қостанай облысында ер адам балалар алаңында жасөспірімді ұрып-соққан
-
11:07, 11 қараша 2026
Будапешттегі сәтсіз бастама: Бибісара Асаубаева турнир кестесінің соңында қалды
-
11:00, 11 қараша 2026
Мадагаскар жағалауынан 300 жылдан кейін қазынаға толы кеме табылды
-
10:52, 11 қараша 2026
Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
-
10:34, 11 қараша 2026
Алматыда метроға кіреберісті су басты





