Алматыда метроға кіреберісті су басты
© Фото: unsplash
Алматыда 2026 жылғы 11 қарашада нөсер жаңбыр салдарынан метро станцияларының біріне кіретін жолды су басып, жолаушылардың өтуі қиындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан Абай даңғылының Жароков көшесі мен Гагарин даңғылы арасындағы бөлігінде орналасқан "Алатау" станциясына түсетін жолға су жиналғанын көруге болады.
Метрополитеннің баспасөз қызметі қалалық су бұру желісі толып, Абай даңғылының төменгі жағында орналасқан "Алатау" станциясының солтүстік жаяу жүргіншілер өткелін су басқанын түсіндірді.
"Қазір метрополитеннің ВАСС қызметінің мамандары жиналған суды сорғызып, аумақты тазалап жатыр. Су басу салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. "Алатау" метро станциясы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жолаушыларға қызмет көрсетуге шектеу қойылған жоқ", – делінген хабарламада.
Алматыда қатты жаңбыр 10 қараша күні кешке басталды. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, жауын-шашын 12 қарашаға қараған түнге дейін жалғасады. Қаланың кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып, жоғарғы бөлігінде сулы қар түсуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:12, 11 қараша 2026
Қостанай облысында ер адам балалар алаңында жасөспірімді ұрып-соққан
-
11:07, 11 қараша 2026
Будапешттегі сәтсіз бастама: Бибісара Асаубаева турнир кестесінің соңында қалды
-
11:00, 11 қараша 2026
Мадагаскар жағалауынан 300 жылдан кейін қазынаға толы кеме табылды
-
10:52, 11 қараша 2026
Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
-
10:44, 11 қараша 2026
«Тек Каспийде мекендейді»: сирек кездесетін итбалық видеоға түсіп қалды





