Ақтау тұрғыны әкімдікке пышақ алып кірмек болған

19:24, 10 қараша 2026
MKZ: 1577040

© Фото: pixabay

Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында тосын оқиға болды. Келушілердің бірі ғимаратқа пышақ алып кірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 10 қарашада Lada.kz басылымы жазғандай, оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Мәліметке қарағанда, әйел өзімен бірге шағын пышақ алып кірген. Күзет қызметкерлері оны алып қоюға әрекет жасаған кезде әйелдің қолын аздап кесіп алғаны айтылады.

Бұл туралы қоғам белсендісі әрі блогер Диляра Турина Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, оқиға 6 қарашада болған. Әйелге медициналық көмек көрсетіліп, оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша хаттама толтырылған.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомство мәліметінше, әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама жасалған. Сот шешімімен ол жауапқа тартылып, 86 500 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

Маңғыстау облысының әкімдігі оқиғаға қатысты пікір беруден бас тартты.

"Ешқандай түсініктеме бермейміз", – деп хабарлады әкімдік баспасөз қызметі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!