Арина Соболенко WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады
© Сурет: Instagram/arynasabalenka
Беларусь спортшысы, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңінде чехиялық Каролина Мухованы жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, кездесу екі сетте аяқталып, Арина Соболенко 7:6 (7:2), 7:5 есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 54 минут өнер көрсетті.
Осы уақыт ішінде Соболенко төрт эйс жасап, жеті рет қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Ал Мухованың еншісінде бес эйс, төрт қос қателік және қарсыласының доп беруіндегі төрт жеңісті гейм бар.
Бұл жеңіс беларусь спортшысына чехиялық теннисшімен жеке кездесулердегі есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Енді олардың өзара кездесулеріндегі есеп – 3:3.
2026 жылғы WTA қорытынды турнирі 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте өтіп жатыр. Әлемдік рейтинг көшбасшысы, қазақстандық Елена Рыбакина вирустық инфекцияға байланысты турнирден бас тартуға мәжбүр болды.
Бұған дейін АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA-2026 қорытынды турнирінің жалпы жүлде қоры 8 млн долларды (3 млрд 585 млн теңге) құрайтыны белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:45, 10 қараша 2026
Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды
-
09:37, 10 қараша 2026
Қазақстан боччадан әлем кубогында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды
-
22:04, 9 қараша 2026
Жеңіл атлет Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды
-
21:11, 9 қараша 2026
Жеңіл атлет Маргарита Косинова жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетті
-
20:46, 9 қараша 2026
Александра Ле нысана көздеуден әлем чемпионатында жетінші орын алды





