Конго Демократиялық Республикасында 66 әскери қызметкер өлім жазасына кесілді

13:14, 10 қараша 2026
MKZ: 1576946

© Сурет: magnific

Конго Демократиялық Республикасының әскери соты қорқақтық, бүлік шығару және бұйрыққа бағынбау айыптары бойынша 66 әскери қызметкерді өлім жазасына кесті. Үкім 6 қараша күні кешке елдің шығысындағы Валикале қаласында шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ACP агенттігінің 34-әскери округ мәліметтеріне сілтеме жасап жазуынша, сотталғандардың барлығы 3415-полкте қызмет еткен. Тағы бір әскери қызметкер жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал полк барлау қызметінің бұрынғы басшысы болған капитанды қоса алғанда, төрт әскери қызметкер ақталды.

Әскери қызметкерлер 20 қазанда Нгора ауылында ұсталған. Оларға Солтүстік Киву провинциясындағы Нтонто елді мекенінде жасалған құқық бұзушылықтар бойынша айып тағылған.

Бастапқыда іс бойынша 54 сарбаз жауапқа тартылған. Кейін олардың қатарына тағы 16 адам қосылып, қосымша ұстау шаралары жүргізілген. Сот процесі бастапқыда 10 күнге созылады деп жоспарланғанымен, тағы екі күнге ұзартылды.

Бұған дейін Сауд Арабиясында мешітте "әдепсіз әрекеттер" жасағаны үшін екі шетелдік азаматтың өлім жазасына кесілгені хабарланған еді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!