Глеб Новиков тасжолдағы велоспорттан жасөспірімдер Олимпиадасында алтыншы орын алды
© Сурет: olympic.kz
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Глеб Новиков Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жекелей уақытқа жарыста сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 10 минут 34.15 секундта жүріп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.
Тимотей Михалик (Словакия) жарыста топ жарды - 10:10.20. Италиялық Лоренцо Чеккарелло екінші орын алды - 10:17.94. Ал бельгиялық Даан Вилмсен үздік үштікті түйіндеді - 10:20.39.
Айта кетейік, бұған дейін Әнел Тәшбай әйелдер арасында алтын алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:14, 10 қараша 2026
Алматылық Telegram-дағы жұмыс ұсынысына алданып, қылмыстық іске тап болды
-
17:38, 10 қараша 2026
Атырау мен Алматы облысы ауыл балалары арасындағы жарыста көш бастады
-
17:26, 10 қараша 2026
Көлік алуға несие сұрағандардың басым бөлігіне банк неге сенбейді
-
17:17, 10 қараша 2026
Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды
-
17:13, 10 қараша 2026
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды





