Будапешттегі сәтсіз бастама: Бибісара Асаубаева турнир кестесінің соңында қалды
© Сурет: instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінің блиц кезеңіндегі алғашқы сайыста Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Нодирбек Абдусатторовқа есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz басылымының жазуынша, Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері арасындағы тартысты партия жарыстың алтыншы турында өтті. Турнир швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған.
Бибісара Асаубаева қара түспен ойнап, қарсыласына жол берді. Тоғыз турдың қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы 0,5 ұпай ғана жинап, 24-орынға тұрақтады. Ал Нодирбек Абдусатторов 2,5 ұпаймен 22-сатыға жайғасты.
Алғашқы блиц турнирінің жеңімпазы норвегиялық Магнус Карлсен атанды. Ол жеті ұпай жинады. Екінші орынды 6,5 ұпаймен франциялық Максим Вашье-Лаграв иеленсе, үздік үштікті алты ұпай еншілеген америкалық Левон Аронян түйіндеді.
Айта кетейік, Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирі Будапештте 10-20 қараша аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына үш дисциплина: блиц, рапид және жылдам классика енгізілген.
Бұған дейін Дакарда 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары жалғасып жатқаны хабарланған еді. 2026 жылғы 10 қарашада Қазақстан құрамасы жарыстағы екінші алтын медалін жеңіп алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:12, 11 қараша 2026
Қостанай облысында ер адам балалар алаңында жасөспірімді ұрып-соққан
-
11:00, 11 қараша 2026
Мадагаскар жағалауынан 300 жылдан кейін қазынаға толы кеме табылды
-
10:52, 11 қараша 2026
Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
-
10:44, 11 қараша 2026
«Тек Каспийде мекендейді»: сирек кездесетін итбалық видеоға түсіп қалды
-
10:34, 11 қараша 2026
Алматыда метроға кіреберісті су басты





