Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қазақстандыққа мемлекеттік наградалар табыстады

14:49, 10 қараша 2026
MKZ: 1576968

© Сурет: akorda.kz

2026 жылғы 10 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан зор үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен мына азаматтар марапатталды:

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы

  • Құрманбайұлы Шерубай – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;

"Ел бірлігі" ордені

  • Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;

"Құрмет" ордені

  • Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі
  • Данченко Анна Александровна – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы
  • Манкеева Жамал Айтқалиқызы – "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы
  • Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалі

  • Кузнецов Максим Александрович – "Кустовое негізгі мектебі" КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы
  • Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – "Bilim Group" компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы
  • Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – "Білім Орда" халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы
  • Құрманжан Анар – "BMG UpSkill" компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы;

"Шапағат" медалі

  • Кравчук Евгений Анатольевич – "Юрий Гагарин атындағы орта мектеп" КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы
  • Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы
  • Пимичева Анель Витальевна – "Qostanai TV" телеарнасының редакторы, Қостанай облысы
  • Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы;

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!