ШҚО тұрғыны подъезд қабырғасын бояп, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

19:46, 10 қараша 2026
MKZ: 1577044

© Сурет: polisia.kz

Өскеменде 45 жастағы жергілікті тұрғын көпқабатты тұрғын үйдің подъезінде қабырғаны бояумен шимайлап, ортақ пайдаланылатын мүлікке зиян келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған әрекеті үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

"Ғимараттардың қасбеттері мен басқа да қоғамдық орындар өз бетінше сурет салып, жазу жазатын жер емес. Мұндай әрекеттер қаланың көркін бұзып қана қоймай, басқа тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүру құқығына нұқсан келтіреді", – деп ескертті полиция.

Әр адам ортақ мүлікті бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын түсінуге тиіс.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!