«Тау-кен массасы опырылып түскен». Хромтаудағы шахтада жұмысшы қаза тапты

18:57, 21 қазан 2026
MKZ: 1573661

© Фото: zakon.kz

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы "Болашақ" шахтасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 20 қазанда шахтадағы жұмыстар кезінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" газеті "Қазхром" АҚ-ға сілтеме жасай отырып, Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында жұмыс жүргізу кезінде тау-кен массасы опырылып түскенін жазады. Жұмысшы оқиға орнында тіл тартпай кетті.

"Бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпорын басшылығы қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына қажетті барлық көмекті көрсетеді", деп атап өтті кәсіпорыннан.

Бұған дейін

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!