Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия сериясының кезеңінде төртінші орын алды

21:11, 20 қазан 2026
MKZ: 1573447

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы регби-7-ден Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен Азия сериясының кезеңінде төртінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңде қазақстандық регбишілер Қытай құрамасына 7:31 есебімен есе жіберді. Кейін Шри-Ланка (32:5) мен Өзбекстан (36:0) құрамаларын жеңді.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Таиландтан 10:5 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты. Алайда бұл кезеңде Жапония құрамасына 5:42 есебімен жол берді.

Қола медаль үшін өткен кездесуде қазақстандықтар Гонконг құрамасына қарсы ойнап, 5:14 есебімен жеңіліп қалды.

Турнирде Жапония құрамасы жеңімпаз атанды. Финалда жапониялық регбишілер Қытай құрамасын 14:7 есебімен жеңді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!