Юлия Путинцева Қытайдағы WTA 500 турнирінде жеңіске бір қадам қалғанда жеңіліп қалды

11:37, 21 қазан 2026
MKZ: 1573540

© Сурет: pexels

20 қазанда Қытайдың Нинбо қаласында WTA 500 турнирінің негізгі кезеңіндегі жекелей сындағы матчтар басталды. Бірінші айналымда әлемдік рейтингте 66-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева рейтингтің 13-сатысындағы ресейлік Диана Шнайдермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, 2 сағат 28 минутқа созылған кездесуде Путинцева бірде-бір эйс жасамады, бес рет қос қателік жіберді. Ол қарсыласының алты геймінде өз доп беруін ұтқызып, бес рет брейк жасады. Нәтижесінде қазақстандық теннисші 5:7, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Әр сетте Путинцева брейк жасап, басымдыққа ие болғанымен, оны сақтап қала алмады.

Айта кетейік, өткен аптада Ухань қаласында өткен WTA 1000 турнирінің екінші айналымында да Путинцева Диана Шнайдерден 2:6, 2:6 есебімен жеңілген болатын.

Осылайша, теннисшілердің өзара кездесулеріндегі есеп 2:2 болды.

Нинбодағы турнирдің екінші айналымында Диана Шнайдер әлемдік рейтингте 20-орында тұрған филиппиндік Александра Эаламен кездеседі.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның жаңа образы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті еткені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!