Жетісу облысында кең жазық дала өртеніп жатыр
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2026 жылғы 21 қазанда Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Борлытөбе орман шаруашылығының Құрақсу орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шалған аумақ шамамен 15 гектарды құрайды.
"Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД мен орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды. "Қазавиаорманқорғау" желісі бойынша "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен жалпы көлемі 11,4 тонна су 19 рет төгілді. Елдімекендер мен шаруа қожалықтарына төніп тұрған қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін бүгін, 2026 жылғы 21 қазанда Алматының Алатау ауданында өрт кезінде екі қабатты ғимараттың шатыры опырылып түсіп, төрт адам зардап шеккені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:40, 21 қазан 2026
«Көлігінің кілтін тартып алған». Шымкентте кәсіпкерден басбұзарлар 10 млн теңге талап еткен
-
20:30, 21 қазан 2026
Қазақстандық мергендер Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды
-
20:20, 21 қазан 2026
Павлодарда шұғыл дабыл белгісімен жүйіткіген жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
-
19:57, 21 қазан 2026
Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата-анасы табылды
-
19:27, 21 қазан 2026
Әскери билетке 1,3 млн теңге төлеген 23 жастағы жігіттің әрекеті сотта қаралатын болды





