Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

20:16, 20 қазан 2026
MKZ: 1573440

© Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын 28 қазанда түске дейін жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға электоралдық кезеңге қатысты тапсырма бергенін хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!