Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20:38, 20 қазан 2026
MKZ: 1573445

© Фото: Zakon.kz

21 қазанға Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында түнде солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Күндіз шығысында желдің екпіні кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. Қонаевта солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. Солтүстігінде, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауып, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, батысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Павлодарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Шығысы мен таулы аудандарында қалың қар жауып, жер бетінде бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 24-29 м/с-қа жетеді. Өскеменде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болады.

Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде жер бетінде бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 24-29 м/с-қа жетеді. Семейде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Шығысында жаңбыр мен қар түседі. Түнде солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 м/с болады. Көкшетауда солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар түседі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болып, жер бетінде бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде түнде 3 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!