Пәкістанмен кедендік келісім Қазақстанға қандай мүмкіндік береді

11:52, 21 қазан 2026
MKZ: 1573545

© Фото: Zakon.kz

Құрылтай депутаты Бөріхан Нұрмұхамедов 2026 жылғы 21 қазанда өткен брифингте Пәкістанмен жасалған кедендік келісімнің Қазақстанға беретін негізгі артықшылықтарын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Пәкістанмен келісім – Қазақстанның жаңа көлік дәліздерін дамыту және тауар экспортын кеңейту стратегиясының маңызды бөлігі.

"Осы уақытқа дейін жүктерді рәсімдеуде қиындықтар болып, оған көп уақыт жұмсалатын. Жаңа келісім осы мәселелерді шешуге бағытталған. Ол Қазақстанның экономикалық мүдделерін қорғауға, отандық тауарларды тасымалдауды жеңілдетуге және экспортқа жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді. Келісім кеден органдарына заң бұзушылықтарды жедел анықтап, контрабандамен және тауар құнын төмендетіп көрсетумен тиімді күресуге мүмкіндік береді", – деді Нұрмұхамедов.

Депутаттың сөзінше, келісім қазақстандық тауарларды Пәкістанның теңіз порттары арқылы басқа нарықтарға жеткізуді жеңілдетеді.

"Бұл елдер арасындағы шекаралардан өту кезіндегі шығындарды да азайтуға көмектеседі. Пәкістанда 250 миллионнан астам адам тұрады. Мұндай ауқымды нарық қазақстандық өндірушілер үшін өте маңызды", – деп қосты депутат.

Бұған дейін Қазақстан мен Пәкістанның кеден ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келгенін жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!