Қазақстанда қандай скринингтерден тегін өтуге болады және олар кімдерге арналған
© Фото: Zakon.kz
Скрининг – ауруларды ерте анықтауға арналған профилактикалық тексеру. Қазақстанда негізгі скринингтік тексерулер азаматтардың МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қолдау аясында тегін жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, колоректалдық обырды, В және С вирустық гепатиттерін, сондай-ақ белгіленген өлшемшарттарға сәйкес басқа да ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер өткізіледі.
Жас ерекшелігіне қарай мына скринингтерден өтуге болады:
- Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және глаукома: 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеріледі.
- Сүт безі обыры: 40–76 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет маммографиядан өтеді.
- Жатыр мойны обыры: 30–74 жас аралығындағы әйелдер төрт жылда бір рет скринингтен өтеді.
- Колоректалдық обыр: 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеріледі.
Скринингтен өту үшін тіркелген емханаға жүгініп, биыл қандай тексерулерден өту қажет екенін нақтылау керек.
Медицина қызметкерлері тексеруден өту тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама береді. Министрлік тұрғындарды ауру белгілерінің пайда болуын күтпей, уақытылы тексерілуге шақырды. Ауруды ерте анықтау емді дер кезінде бастап, денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін қазақстандықтарға 19 қазаннан бастап скрининг туралы SMS-хабарламалар жіберіле бастайтынын жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:29, 21 қазан 2026
Павлодарда екі қызға зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды
-
10:16, 21 қазан 2026
Термокружка қарақшылардан қорғануға көмектесті: америкалық әйел шабуылдаушыларға қарсылық көрсетті
-
10:08, 21 қазан 2026
Алматы тауларында жарақат алған мотоциклшіні құтқарушылар эвакуациялады
-
09:57, 21 қазан 2026
Ақтауда балалар сырғанағынан сырғанап, бір жастағы қыз саусағының бір бөлігінен айырылды
-
09:42, 21 қазан 2026
Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды





