Талдықорғанда әйелін өлтіріп, жертөлеге тыққан еркек ұсталды

09:51, 16 шілде 2019

Талдықорғанда аула ішіндегі жертөледен 42 жастағы әйелдің денесі табылды. Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның күйеуі және тағы бір адам ұсталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Полициялар ұсынған бейнежазбада күдікті барлық айғақ заттар мен мүрденің қайда жатқанын көрсетіп жүр. Қанды оқиға Талдықорғандағы жалға берілген жер үйлердің бірінде болыпты. Кешкі тамаққа үстел басына отырған ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс туындап, арты қып-қызыл жанжалға ұласады. Көзіне қан толған отағасы 42 жастағы әйеліне екі рет пышақ сұққан. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Ал ашуға мінген күйеуі істеген ісіне өкінбек түгілі қылмысын жасыруға бел байлайды. Тіпті, сол үшін көмекке досын шақырыпты. Кейін танысы екеуі мәйітті ауладағы жертөлеге түсіріп, сонда жасырған.

– Ештеңе айтпай кетіп қалады үйден. Тығылып жүреді. Көзіме шөп салды. Шарқ ұрып іздеймін, бірақ қайда кеткенін айтпайтын, ақыры осы болды, - дейді марқұмның күйеуі.

- Аталған дерек бойынша Талдықорған қалалық ПБ мен ҚР қылмыстық процестік кодексінің 99 бабы, 1 бөлімімен сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады, - дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов.

Бұл отбасының үлкен ұлы бар екен. Бірақ ол ата-анасынан бөлек тұрған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!