Тағы бір қазақстандық әуе компаниясы Ирандағы жағдайға байланысты ұшу бағыттарын өзгертті
© Фото: Zakon.kz
Иран билігі АҚШ мүмкін шабуыл жасайды деген хабарламаларға байланысты әуе кеңістігін жауып тастады. Осыған байланысты қазақстандық әуе компаниясы FlyArystan маңызды хабарлама жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 қаңтар 2026 жылғы жарияланымда былай делінген:
"Қазіргі уақытта Иран әуе кеңістігіне қатысты жағдай 17 қаңтар 2026 жылы жоспарланған екі рейстің орындалуына әсер етеді: Атырау – Доха және Ақтау – Дубай".
FlyArystan мәліметі бойынша, аталған рейстерді орындаудың мүмкін ұшу бағыттары қарастырылып жатыр, Иран әуе кеңістігін айналып өту жолдары зерттелуде.
Бұған дейін қазақстандық тағы бір әуе компаниясы Ирандағы жағдайға байланысты жолаушыларға хабарлаған болатын.
"Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Мединеге рейстер Иран әуе кеңістігін айналып өтіп орындалады"- Air Astana баспасөз қызметі
Жуырда БАҚ-та АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Сол себепті Иран халықаралық рейстерге рұқсат берілгендерді есепке алмағанда, өз әуе кеңістігін уақытша жауып тастады.
Ирандағы наразылықтар 28 желтоқсан 2025 жылы басталды. Бастапқыда халық баға өсімі мен риалдың долларға шаққандағы құлдырауына байланысты бейбіт митингілер өткізген. Бір жыл ішінде доллар шамамен 80%-ға қымбаттады. Кейін бұл наразылықтар 2022 жылдан бергі ең ірі халық толқынына айналды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:32, 15 қаңтар 2026
Тергеу кезінде кеткен қателік: Германияда бейкүнә ер адам 15 жылға жуық уақытын түрмеде өткізді
-
13:24, 15 қаңтар 2026
Қазақстандықтарға ХҚКО өтініштерін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі берілді
-
13:11, 15 қаңтар 2026
Қадыров денсаулығына қатысты кезекті қауесеттерге жауап берді
-
13:04, 15 қаңтар 2026
Қазақстан клубтарында ойнаған танымал футболшы Ресейде өлі күйінде табылды
-
12:51, 15 қаңтар 2026
Қазақстан дипломдарын Азия-Тынық мұхит аймағында мойындайтын болады





