Қазақстанда пойызбен тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі жарияланды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі пойызбен сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады. Мамандар теміржол көлігінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство Қазақстан заңнамасына сәйкес қауіпті немесе тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Пойызға алып кіруге тыйым салынған заттар
- жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар, пиротехника (салюттер, отшашулар және жарылу қаупі бар өзге де бұйымдар);
- радиоактивті және есірткі заттар, жанғыш сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде бензин, метил эфирі, метанол;
- оңай тұтанатын қатты заттар;
- улы, күшті әсер ететін және уландыратын заттар (сұйық немесе қатты күйдегі);
- жұқпалы немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті материалдар мен заттар;
- атыс қаруының барлық түрлері, оның ішінде лақтыратын, электрлі, механикалық, құрамдастырылған, ұңғысыз травматикалық, газды қарулар, соққылап-сындыруға арналған заттар, қылыштар, семсерлер, шапқылар, қанжарлар, кортиктер, стилеттер, кастеттер, кистендер;
- атыс және газ қаруына арналған оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік, жарық-дыбыстық, жарақаттаушы, бос және аңшылық патрондар.
Сондай-ақ пойызға мінер алдында барлық жолаушылар вокзалдарда міндетті тексеруден өтеді.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ірі теміржол вокзалдарында рентгендік-телевизиялық қондырғылар, стационарлық және қолмен ұстайтын металл іздегіштер, сондай-ақ портативті анықтағыштар орнатылған. Бейнебақылау, күзет және дабыл жүйелері жұмыс істейді, полиция мен күзет қызметі тәулік бойы кезекшілік атқарады", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ұшаққа алып кіруге тыйым салынған заттар туралы да хабарланған болатын. Бұл жөнінде Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы мәлімдеген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:05, 4 наурыз 2026
Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды
-
22:38, 3 наурыз 2026
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт шықты
-
22:01, 3 наурыз 2026
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
-
21:40, 3 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ
-
21:15, 3 наурыз 2026
Рудный қаласында екі жастағы қыз бала «Газель» көлігінің астына түсіп, қаза тапты





