Қазақстандық кинотеатрлар негізсіз пайда тапты деген айыпқа ілікті
© Сурет: pixabay
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев 2026 жылғы 14 қаңтарда жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы кино нарығында қалыптасқан бірқатар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, Мәжіліс депутаттарының атына кинематографистерден кинотеатрлардың кассалық түсімнен алатын үлесінің әділетсіздігіне қатысты көптеген шағымдар түсіп жатыр.
"Өздерінің басым жағдайын пайдалана отырып, ірі кинотеатр желілері фильм прокатының алғашқы күнінен бастап кассалық түсімнің тұрақты 50 пайызын бірден алып қояды. Назарларыңызды аударамын: бұл — таза пайдадан емес, жалпы түсімнен, яғни кассаға түскен барлық ақшадан ұсталады. Режиссерлер мен продюсерлер кинотеатрлар тарапындағы қысымнан қорқып, үнсіз қалуға мәжбүр. Бұдан бөлек, фильм авторлары жарнама мен аңдатпаларына қосымша төлемдер төлеуге міндетті. Тіпті біздің мәліметімізше, "көлеңкелі жарналар" да бар", – деді мәжілісмен.
Депутат мемлекеттік қаржыға түсірілген фильмдерден де үлес ұсталуы туындап отырғанын айтты. Ол мысал ретінде мемлекеттік бюджет есебінен түсірілген "Qaitadan" фильмін келтірді.
Бейсенбаевтың сөзінше, бұл фильм прокатта 1 миллиард теңгеден сәл астам табыс жинаған, соның 550 миллион теңгесін кинотеатрлар алып қалған. Ал фильмді өндіруге мемлекет небәрі 190 миллион теңге бөлген.
"Kinopark пен Kinoplexx елдегі барлық кино залдарының 40 пайызға жуығын бақылауда ұстап отыр. Ал Chaplin мен Cinemax желілері мегаполистердегі нарықты қамтиды. Бұл жағдайға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар әлдеқашан назар аударуы тиіс еді."Amanat" партиясының фракциясы кинотеатрлар фильм өндірісіне кеткен шығындар толық өтелмейінше, кассалық түсімнен үлес талап етпеуі керек деп есептейді. Пайданы бөлу тек жоба өзін-өзі ақтағаннан кейін ғана әділетті деп саналады.Ал қазіргі жағдайда ірі кинотеатр желілері өздерінің монополиялық артықшылығын пайдаланып, прокаттың алғашқы күнінен бастап кассалық табыстың 50 пайызын пайдадан емес, тікелей түсімнен алып отыр. Бұл – әділ нарықтық қатынас емес, ашық эксплуатацияның бір түрі", – деп қосты Бейсенбаев.
Осылайша депутат кинотеатрлар мен киностудиялар арасындағы қолданыстағы келісімшарттарды тексеруді, сондай-ақ кино желілерінің басым жағдайын пайдаланып, 50% мөлшерінде негізсіз пайда табу деректері бойынша кешенді тексеру жүргізуді сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:32, 14 қаңтар 2026
Киберполицейлер Ақтөбедегі интернеттегі алаяқтың сыбайласын Павлодардан анықтады
-
18:20, 14 қаңтар 2026
Алматыдан Қызылордаға ұшып шыққан Air Astana ұшағында техникалық ақау индикаторы іске қосылған
-
17:58, 14 қаңтар 2026
Қазақстанның оңтүстігі мен батысында 15 қаңтарда жел соғып, жаңбыр жауатыны болжанады
-
17:53, 14 қаңтар 2026
Қазақстан энергия тапшылығына ұрынған ел мәртебесінен қашан арылады - министр жауабы
-
17:22, 14 қаңтар 2026
Қазақстандықтардың 35,7%-ы салауатты өмір салты қағидаттарын ұстанады - ұлттық зерттеу





