Киберполицейлер Ақтөбедегі интернеттегі алаяқтың сыбайласын Павлодардан анықтады
© Сурет: pixabay
Ақтөбе облысының киберполицейлері интернет-алаяқтық фактісі бойынша жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Павлодарда 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, Ақтөбе қаласының тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. SIM-картаның жарамдылық мерзімін ұзарту сылтауымен ол ақтөбеліктің құпия кодын иемденген. Кейін жәбірленушіге өзін банк қызметкері ретінде таныстырған тағы бір адам хабарласып, соның салдарынан жәбірленуші атына 1 600 000 теңге көлемінде несие рәсімделген, көрсетілген есепшотқа ақша аударған.
"Тергеу барысында Павлодар қаласының тұрғыны алаяқтардың нұсқауымен ұрланған ақшалай қаражатты есепшоттардан қолма-қол шешіп алып, оның бір бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын кураторға аударып отырғаны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.
Полиция банк, ұялы байланыс операторлары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері телефон арқылы жеке деректерді, SMS-кодтарды және банк карталарының деректемелерін сұратпайтынын ескертеді. Мұндай қоңыраулар түскен жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажет.
Бұған дейін Ақтөбеде банктің топ-менеджері алаяқтардың тұзағына ілініп, сан соғып қалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:30, 15 қыркүйек 2026
Әйел Tinder арқылы «киллер» жалдап, бұрынғы сүйіктісін өлтіруге тапсырыс берген
-
20:05, 15 қыркүйек 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және екпінді желге байланысты ескерту жасалды
-
19:50, 15 қыркүйек 2026
Қазақстандық әйел бес жыл бойы балаларына түрмеде отырғанын жасырып, «іссапарда жүрмін» деп келген
-
19:46, 15 қыркүйек 2026
«Сұмдық кептеліс» Астанадағы қозғалысты тұралатып тастады: тұрғындар жұмысқа жаппай жаяу барды
-
19:40, 15 қыркүйек 2026
Ай мен Шолпан Көк Төбе төрінде: Алматы аспанындағы ғажайып көрініс





