Қадыров денсаулығына қатысты кезекті қауесеттерге жауап берді

13:11, 15 қаңтар 2026

© Сурет: Telegram/Kadyrov_95

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров өзінің бүйрегі істен шықты, ауруханада жатыр және оған жеке клиникадан дәрігерлер жеткізілді деген қауесеттерге пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясаткер Грозный қаласын аралау барысында көмекшісінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өткен тікелей эфирге қатысты.

"Менің бүйрегімде де, асқазанымда да ешқандай ауру жоқ. Тек бұрышты көтере алмаймын, ал қалған жағынан түбегейлі сау адаммын. Күш-қуатым да жеткілікті", – деді Рамзан Қадыров.

Айта кетейік, 2024 жылы да Қадыров өз денсаулығына қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарған болатын. Ол кезде Грозный қаласында кешкі серуен кезінде "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирге шығып, өзінің жағдайы жақсы екенін мәлімдеген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!