Сұйылтылған газ тапшылығы бірқатар өңірлерде тіркелді
Естеріңізде болса, кеше ақтөбелік жүргізушілер жанармай таппай, әлек болып жүргенін жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз.
Ал бүгін Ақтаудағы бекеттерде де газ азайған. Бұл мәселеге қатысты еліміздің Энергетика министрлігі мамандары Ақтөбе облысына іссапарға бет алды.
Олар мәселенің мән-жайын анықтауы тиіс.
Ақтөбеде сұйылтылған газдың еркін саудаға түспеуі жүргізушілерді ашындырып болған. Ертеден кезекке тұрған көлік иелері кассалардың жабық болғанына қарамастан күтуде.
Жанармайды талонмен ғана толтыратын бекеттерде де ұзын сонар кезек. Жүргізушілер ең болмағанда 1 мың теңгеге сатып алуға ниетті. Ол да болса көліктердің қаңырап тұрмауына сеп болады.
Ал жергілікті биліктің уәде еткен 800 тонна көлік отыны әлі де болса тұтынушыларға жетпеген сыңайлы.
Батыс Қазақстан облысы болса, газ бағасының шарықтап кету себебін анықтауға кірісті. Өңірде сұйылтылған газ отынының литрі 70 теңгеге дейін өскен. Бұл көршілес облыстармен салыстырғанда, әлдеқайда қымбат болып тұр. Дегенмен газ құю стансаларындағы ұзын сонар кезек былтырдан бері жоқ. Облысқа қажетті газдың мөлшері 2300 тонна болып белгіленді. Бұл газбен жүретін 7 мыңға жуық көлікке толық жеткілікті.
Қансұлу Өтепқалиева, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
-Сұйылтылған газды өндіруші «Жайықмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құйғаны үшін газдың әрбір тоннасына 42 мың теңге қосып отыр. Оның қаншалықты заңды екенін дәл қазір айта алмаймыз. Себебі табиғи монополияларды реттеу департаменті жүргізіп жатқан тексеріс әлі аяқталған жоқ. Соның қорытындысын күтеміз.
Маңғыстау облысында да сұйылтылған газ қат. Түбектегі көліктердің 70 пайызы көгілдір отынды тұтынады. Сұраныс ай сайын емес, күн санап артып келеді. Наурыз айының өзінде тағы 20 пайызға өскен.
Бір қуанарлығы, ең арзан сұйылтылған газ Маңғыстауда, литрі – 35 теңге.
Өткен жылы өңірге бөлінетін жанармай көлемі айына 12 мың тонна болса, биыл 14 мың тоннаға дейін көбейген.
Бірақ бұл шара газ тапшылығын жоя қоймады. Әкімдіктегілер болашақта мәселесінің күрделене түсерін жоққа шығармайды.
Бекқали Жұбанов, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары:
-Министрлікке осы мәселе бойынша хабарласқан болатынбыз. Шикізат көлемін көбейту немесе қосымша өнім бөлу бойынша. Министрлік жағынан қаралып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында да сұйылтылған газ бағасы қымбаттады. Бұған дейін 60 теңгеден сатылып келген көгілдір отынның құны тағы 5 теңгеге көтерілді.
«Темір тұлпарымызға үнемді деп орнатқан газ құрылғысының пайдасы шамалы болып тұр», – дейді жүргізушілер.
Жауапты мекемедегілер бұны газ өндіруші зауыттардағы көтерме бағаның өсуі мен Шымкенттегі мұнай өңдейтін кәсіпорынның уақытша жөндеу жұмыстарына тоқтағанымен байланыстырып отыр.
Мансұр Есқожин, тілші:
-Оңтүстік өңірдегі сұйылтылған газ бағасының шарықтауын зауыт жұмысының тоқтауымен байланыстырса, ақтөбелік жүргізушілер көгілдір отынның тапшылығы оның құнын өсіріп жіберуі мүмкін деп алаңдайды. Оның үстіне министрлікпен бекітілген баға тек осы наурыз айының 31-не дейін ғана. Одан кейін қандай жағдай болатынын жергілікті шенеуніктер болжаудан бас тартты.
Авторлары: Мансұр Есқожин, Гүлмира Әбішева, Нұрбек Байбосын, Ерденбек Жылқайдарұлы, Айнадин Молдабеков
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады
-
20:22, 16 желтоқсан 2025
Шымкент таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді
-
20:03, 16 желтоқсан 2025
Qazaqstan телеарнасы 16 желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің концертін көрсетеді
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі мерекелік күндердегі әуе рейстеріне қатысты маңызды шешім қабылдады
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Билік мереке кезеңде әуе компаниялары мен әуежайларға жұмыс режимін күшейтуді тапсырды





