Ақтөбеде немересінің шабуылынан зардап шеккен әже ауруханадан шығарылды

10:23, 16 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе қаласында немересінің шабуылынан зардап шеккен 71 жастағы тұрғын ауруханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2 желтоқсанда Ақтөбе қаласының орталығындағы үйлердің бірінде болған. Сол түні 16 жастағы мектеп оқушысы пышақпен анасы мен әжесіне шабуыл жасаған.

"Диапазон" басылымы өзінің Telegram арнасында хабарлағандай, әженің мойны, жамбасы, иықтары мен қолында бірнеше пышақ жарақаты болған, қабырғалары сынған, кеуде қуысы мен іш аймағынан жабық жарақат алған. Ақтөбе қалалық көпбейінді №1 ауруханасының бас дәрігері Қыдырбек Иманбаевтың айтуынша, әже сөйлей алмаған және есту қабілеті де нашарлаған.

15 желтоқсанда дәрігерлер әженің жағдайы жақсарғанын, өздігінен жүре алатынын мәлімдеді.

"Ол ауруханадан шығарылды, әрі қарай емін үй жағдайында жалғастырады", – деп хабарлады "Диапазон".

Сондай-ақ Қарағандыда миға жасалатын операцияларды жасанды зерде жүйесімен жабдықталған робот орындайтыны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!