Сотта Шерзат Полат өлтірілген түні дүкен ішіндегі бақылау камерасындағы таспалар қаралды

© Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 15 мамырында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында процеске қатысушылар Талғардағы "Қамажай" дүкеніндегі бақылау камерасындағы таспаларды зерттеуді жалғастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, өткен сот отырысында дүкеннің сыртындағы камералардың жазбалары қаралған болатын, ал бүгін ішіндегі деректер зерттелді. Онда жанжал басталғанға дейін Қаржаубай Нұрымовтың басқа сатып алушыларға қызмет көрсеткені, олардың арасында Дархан Әскентайдың у-шусыз сыра сатып алғаны, тауарды төлеп, сатушымен қол алысып кетіп қалғаны анық көрінеді. Алайда, Дархан көп ұзамай телефонды қуаттау үшін дүкенге қайта оралды. Кейінірек, Шерзат Полат сыртта Дархан Әскентайды ұрып, дүкенге кіргенде, сотталушылардың адвокаттары соттан жасөспірімнің оң қолында бірдеңе бар екеніне назар аударуды сұрады. Судья бұл көліктің кілті болуы мүмкін деп болжады, алайда қорғаушылар мұның пышақ тәрізді нәрсе екенін меңзеді.
"Сағат 00:13-те Нұрқанат Ғайыпбаев келді. Олар дүкеннің ішінде болды, маған ешқандай көмек көрсетпеді. Осы кезде мен сыртта тұрып, Нұрболға қоңырау шалып, алып кетуін сұрадым", – деді сотталушы Дархан Әскентай.
Сағат 00:39-да Нұрқанат пен Қаржаубай дүкеннен шықты. Осы уақытта Қаржаубай дүкенге қайта оралып, клиенттерге қызмет көрсеткен. Сағат 00:42-де Қаржаубай дүкенге кірді, артынан Нұрбол да ілесе келді.
"Қаржаубай менің төлем жасамағанымды айтты. Нұрбол төлегісі келіп, бірге кірді". Дархан Әскентай
Сағат 00:43-те Қаржаубай, Шерзат, Нұрбол сыртқа шықты. Бұл сәтте, Нұрымовтың қолында пышақ болған.
"Осы кезде ол бізді далада пышақпен қорқытты. Ол ас үй пышағын ұстап жүрді. Біраз уақыттан кейін ол дүкенге оралып, пышағын тастап кетті". Дархан Әскентай
00:46-да Қаржаубай мен Дархан дүкенге кіреді.
"Осы кезде мен оған төлемді Светлананың атынан жасағанымды айттым". Дархан Әскентай
Сағат 00:57-де дүкенге Қалиахмет ілесе Әбдіқадыр мен Мұратов кірді.
00:58-де қорғалуға құқығы бар куәгерлер Эльмира мен Дана да кірді. Осы кезде сыртта төбелес басталып, бәрі сыртқа шықты.
Прокурор Ержан Құрақбаев іс бойынша куәгер қыздар сөмкелерін көлікте қалдырғанын айтқан болатын, алайда жазбада сөмкелердің қолдарында екенін көруге болады. Оның айтуынша, қалған негізгі оқиғалар сыртта болған.
Сондай-ақ, сот куәгерлер түсірген бейне де қаралды. Жазба көп қабатты үйден жасалған. Кадрларда көмек сұрап, жедел жәрдем шақыруды сұраған жан айқайлар, сондай-ақ, "балам" деп шырылдаған ананың даусын естіледі.
"Бірінші болып Шерзатты Белғожаев тебеді... Артынша, Белғожаев, Шынасыл, Қалиахмет, Сакиев Ғайыпбаевқа қарай бұрылып, пышақ жарақатын салды". Прокурор Ержан Құрақбаев
Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот отырысы 2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Бүгінде айыптау актісі оқылып, жәбірленушілер куәлік етті. Куәгерлер де сот алдында жауап беріп болды. Енді 2025 жылғы 6 мамырдан бастап сотталушылар жауап беруде. Іске қатысты өз нұсқасын алғашқы болып Дархан Аскентай айтуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:56, 18 маусым 2025
Колониядағы Кәрім Мәсімовтің денсаулығы туралы Ішкі істер министрлігінің басшысы: Оның жағдайы қалыпты
-
13:44, 18 маусым 2025
Депутат Ұлттық Банк қызметінде ашықтықтың жоқтығын сынға алды
-
13:38, 18 маусым 2025
Астанадағы балабақшада баланы аяусыз соққыға жыққан: тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан босатылды
-
13:26, 18 маусым 2025
Энергетика министрі үш ЖЭО-ның құрылысына қатысты жаңа мәлімдеме жасады
-
13:13, 18 маусым 2025
Өнеркәсіпті дамыту қоры бизнеске арналған қаржыландырудың бірыңғай мөлшерлемесін енгізді