СҚО-да әскери қызметкерлер су тасқыны жағдайын тәулік бойына бақылайтын жабдық орнатты

19:58, 18 сәуір 2024

© Сурет: видеодан алынды

СҚО-да су тасқыны жағдайын бақылау үшін 2,5 сағаттық кезеңділікпен ақпарат беруге қабілетті барлау ҰҰА, сондай-ақ жылуға ден қойғыш камерасы бар дрон тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы жұмыстарға келген Қарулы күштердің әскери қызметшілері қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындау мақсатында Петропавл ауыр машина жасау зауытымен бірге нақты уақыт режимінде жағдайды қадағалау міндетімен жылжымалы басқару пунктін жабдықтады.

Оның жұмысына 2D форматта жергілікті карта туралы 2,5 сағаттық кезеңділікпен ақпарат беруге қабілетті барлау ҰҰА, сондай-ақ жылуға ден қойғыш камерасы бар дрон тартылған.

Бұл тәулік бойы ұшуға және су тасқыны жағдайының өзгеруіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!