СҚО-да биыл мыңнан астам мас жүргізуші жауапқа тартылды
© Фото: pexels
Жол қауіпсіздігі мәселелері мен сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтардың құқықтарын сақтау Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның биылғы соңғы отырысының тақырыбы болды.
СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Уәлихан Оразалин өз баяндамасында жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің төмен тәртібі болып табылатынын атап өтті.
11 айда облыста жол жүрісі қағидаларының 65 мыңға жуық бұзушылығы анықталды. Ең жиі кездесетіні — жылдамдықты арттыру (10 мыңнан астам), көлік жүргізу кезінде жүргізушілердің телефонды пайдалануы (2,7 мыңнан астам факті).
Сонымен қатар, полицейлер облыс жолдарында 1098 мас жүргізушіні тоқтатты. Полицейлер мен консультативтік-кеңесші орган мүшелері профилактикалық жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ бірқатар жаяу жүргіншілер өткелдеріне бағдаршам орнату, автотрассаларда шулы жолақтар салу, Петропавлдағы көлік қозғалысы көп көшелердің қиылыстарында оң жаққа еш кедергісіз кете алатын бұрылыстар салу құрылысын жалғастыру, қолданыстағы бағдаршам объектілерін таймерлермен толықтыру қажеттігі туралы мәселелерді қарастырды.
Тергеу басқармасының бастығы полиция подполковнигі Азат Құсайыновтың баяндамасын тыңдап болған қоғам белсенділері, тәртіп сақшыларына сотқа дейінгі тергеу сапасын арттыру жөнінде бірқатар кеңестер айтты, тергеу және анықтау қызметкерлері арасында профилактикалық жұмыс жүргізуді, тәлімгерлік жұмысқа көбірек көңіл бөлуді, жас қызметкерлердің кәсіби бейімделуіне және өсуіне ықпал етуді ұсынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:36, 2 қаңтар 2025
Тоқаев Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 2 қаңтар 2025
Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні ер адам электр қосалқы станциясында көз жұмды
-
15:57, 2 қаңтар 2025
Түркістандық полицейлер боранды күні жолда қалған 60 көлікке көмек көрсетті
-
15:34, 2 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: әуежайда тінту жүргізілді
-
15:00, 2 қаңтар 2025
2 қаңтардағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары