СҚО аудандарының біріндегі дүкендерден 300 литрге жуық заңсыз алкоголь тәркіленді
© Фото: pexels
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден үш дүкенде заңсыз алкогольді анықтады. Рейдтік іс-шаралар барысында құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сақтау және сату фактілері белгілі болды.
Екі сауда нүктесінен тәртіп сақшылары 74,5 литр арақ, сондай-ақ акциздік маркасыз 258 қорап темекі тәркіледі. Ал үшінші дүкеннен алкоголь саудасына лицензиясы жоқ 83 литр арақ, 31 литр коньяк, 29 литр шарап өнімі мен 80 литр сыра сатуға қойылған.
"Барлық факті бойынша сауда нүктелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь – басты криминогендік факторлардың бірі, ащы суға қарсы заңнаманың бұзылуымен күрес Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Заң мен Тәртіп қағидатын іске асырудың маңызды шарты болып табылады", – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбек Тоқтамысов.
Осы уақыт аралығында ауданда жергілікті кәсіпорыннан дизель отынының ұрлау фактісіне тосқауыл қойылып, 43 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген аңшы мылтығы алынды. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыруға полиция қызметінің барлық бағыты бойынша жұмыс бағдарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:34, 4 желтоқсан 2024
Жаңа Зеландия тауларында үш альпинист із-түссіз жоғалып кетті
-
12:27, 4 желтоқсан 2024
Елден заңсыз шығарылған активтер ҚР ІІМ Интерполы арқылы қайтарылатын болады
-
12:18, 4 желтоқсан 2024
Қызылордалық мердігер Рудныйды мерекелік безендірусіз қалдыруы мүмкін
-
12:06, 4 желтоқсан 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 4 желтоқсандағы валюта бағамы
-
11:52, 4 желтоқсан 2024
Астананың коммуналдық қызметкерлері жергілікті тұрғындарға үндеу жасады