Елден заңсыз шығарылған активтер ҚР ІІМ Интерполы арқылы қайтарылатын болады
© Сурет: ҚР ІІМ
Астанада Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл қадам экономикалық қылмыстармен және активтерді заңсыз шығарумен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру, активтерді қайтару және заңсыз қаржы операцияларының жолын кесу саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін күш біріктіруге келісті.
"Меморандум ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңсыз жолмен шығарылған активтерді қайтару бойынша жаһандық күш-жігерді нығайтуға деген шешімімізді көрсетеді", – деп атап өтті ІІМ Интерпол ҰОБ-ның бастығы Мерей Мақұлжан.
Мұндай серіктестік халықаралық тергеулерге қолдау көрсету және мемлекеттер мен олардың азаматтарына тиесілі қаражатты қайтару арқылы экономикалық қылмыстарға неғұрлым жедел және тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Өзара көмек туралы меморандум елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ортақ міндеттерді шешу үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен тұрақты платформа құруға негіз қалайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 4 желтоқсан 2024
Петропавлдағы мектептің төбесі опырылып түсті: балалар зардап шекті
-
21:40, 4 желтоқсан 2024
ҚМГ ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерін жұмысқа оралуға үндеді
-
21:26, 4 желтоқсан 2024
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
-
21:11, 4 желтоқсан 2024
Көктайғақ, тұман және тұман: Қазақстанның қай өңірлерінде ескерту жасалды
-
20:53, 4 желтоқсан 2024
Шорт-трек: қазақстандық 12 спортшы World Tour кезеңінде бақ сынайды