Астананың коммуналдық қызметкерлері жергілікті тұрғындарға үндеу жасады

11:52, 4 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

3 желтоқсанда елордалық коммуналдық қызмет мамандары қала тұрғындарын еңбектерін құрметтеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ASTANA TV" мәліметінше, мамандар қала тұрғындарынан сұрады:

  • тазалық сақтауды;
  • көшелерді тазарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды;
  • жол бойына көліктерді ұзақ уақытқа қалдырмауды.

Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, бұл әрекеттерді орындамау жұмысты едәуір қиындатады.

"Біз аптасына бір күн ғана демаламыз, жұмысымыз таңертең ерте басталады. Мереке күндеріне қарамастан жұмыс істейміз, өйткені дәл осы уақытта көшелер қатты ластанып, адамдар көктайғақтан жиі жарақат алады",-деп бөлісті Есіл ауданының қызметкері Гүлнар Әшірбекова.

Көліктің қауіпсіз жүруі және жарақаттанудың алдын алу үшін жолдарға құм-тұз қоспасын себу жүргізіледі. Осы және басқа да жұмыс процестері үшін Астана тұрғындары коммуналдық қызметкерлерге жиі алғыс білдіреді.

Бұған дейін Павлодар облысының 6 жасар тұрғынына Мемлекет басшысының сыйлығы табыс етілгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!