Жаңа Зеландия тауларында үш альпинист із-түссіз жоғалып кетті

12:34, 4 желтоқсан 2024

© Фото: unsplash

Жаңа Зеландияның ең биік шыңы Аораки тауына сапар шеккен үш альпинист жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News ақпаратынша, жоғалған адамдардың екеуі - американдық, үшінші альпинист - Канада азаматы. Олар таудың жарты шегінде келісілген көлікке дейін жете алмаған, хабар-ошарсыз кеткен.

Құтқарушылар туристердің альпинизмге керек заттарын тапқан, алайда ешқайсысының іздері табылмаған.

Американдық тау гидтері қауымдастығының сайтына сәйкес, колорадодалық 56 жастағы Курт Блэр және калифорниялық 50 жастағы Карлос Ромеро сертификатталған альпілік гидтер. Дегенмен, Жаңа Зеландия полициясы канадалық альпинисттің атын атаған жоқ. Таудағы ауа-райының нашарлауы оларды іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде.

Бұған дейін қазақстандықтар мен туристерге Алматы облысының таулы аймақтарында қауіп төнетіні ескертілген болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!