Астанада пластик терезе орнатамын деп алдаған алаяқ ұсталды
© Сурет: pixabay
Астанада тұрғындарға пластик терезе орнатуды ұсынып, сенімге кіріп, алаяқтық жасаған азамат қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, ол бұған дейін пластик терезе орнатумен айналысатын кәсіпорында жұмыс істеген. Кәсіпорын жабылғаннан кейін, бұл азамат бұрынғы кәсібінен заңсыз пайда табуды жалғастыруды шешкен.
OLX платформасына терезе орнату туралы хабарландыру орналастырып, оның өтірігіне шамамен 15 адам алданған. Әр клиентке келіп, қажетті өлшемдерді алып, алдын ала төлем сұраған соң, ізін суытқан.
Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні қолға түсірді. Ол – 32 жастағы азамат, жалпы алданған қаражат көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жасаудан бас тартуды ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 4 желтоқсан 2024
Екібастұз тұрғыны есірткіні балконда сақтаған
-
12:48, 4 желтоқсан 2024
Елімізде әрбір екінші адам телефон алаяқтарының құрығына түседі
-
12:34, 4 желтоқсан 2024
Жаңа Зеландия тауларында үш альпинист із-түссіз жоғалып кетті
-
12:27, 4 желтоқсан 2024
Елден заңсыз шығарылған активтер ҚР ІІМ Интерполы арқылы қайтарылатын болады
-
12:18, 4 желтоқсан 2024
Қызылордалық мердігер Рудныйды мерекелік безендірусіз қалдыруы мүмкін