Жамбыл облысында 32 адам жалған дипломмен жұмыс істеген

15:38, 3 желтоқсан 2024

© Фото: gov.kz

Жамбыл облысында жаттықтырушыдан бастап спорт мектебі директорының орынбасарына дейін жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Аймақтық антикор қызметінің анықтауымен жалпы саны 32 адам өз ісінің маманы болмай шықты.

Олар спорт саласына қатысты мекемелер мен мектептерде соңғы 3-4 жыл аралығында жұмыс істеп келген.

Сондай-ақ әлеуметтік саладағы 16 қызметкердің жоғары оқу орнын бітірмегені белгілі болды.

Осы уақыт аралығында екі саланың қызметкерлеріне мемлекет тарапынан 349 млн теңге қаржы төленген. Бұл сомаға олардың жалақы, сыйақы шығындары кіріп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Тексеруші тарап мамандардың диплом көшірмесін алдырып, оның сандық нөмірлерін жоғары оқу орнына жолдаған. Көшірмеде көрсетілген сериялық сандар мұрағатта болмағандықтан, заңсыз берілгені анықталды.

"32 диплом, яғни осындай жалған дипломмен жұмыс жасаған деректер орын алды. Қазіргі таңда оның 22-сі қызметінен босатылды. Жалпы барлық материалдарды полиция қызметіне жолдадық. Ары қарай да сол бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады." Дәурен Омаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!