ШҚО-да құны 2,5 млн теңге болатын 6 ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
© Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер шамамен 2 млн 500 мың теңге көлемінде ірі қара мал ұрлады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың жолын кесті.
Тергеу барысында, үш шығысқазақстандық азамат облыс аудандарының бір тұрғынының еркін жайылымынан алты ірі қара малды ұрлап, алдын ала дайындалған қораға айдап әкеткені анықталған. Жедел уәкілдер қылмыс жасалған түні күдіктілерді Омбы – Майқапшағай тасжолында тасымалдауға әрекеттеніп жатқан кезде ұстаған.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасаған азаматтар қамауға алынып, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті облыс тұрғындарын мал ұрлығын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырады.
Бұл дегеніміз: күзет жүйелерін жақсарту, жануарларды міндетті түрде таңбалау, мал басын бақылау және мониторинг жүргізу үшін заманауи технологияларды енгізу қажет. Мұндай шаралар мүлікті қорғауға ғана емес, ұрланған жағдайда жануарларды табу мен қайтаруды айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 4 желтоқсан 2024
Екібастұз тұрғыны есірткіні балконда сақтаған
-
12:48, 4 желтоқсан 2024
Елімізде әрбір екінші адам телефон алаяқтарының құрығына түседі
-
12:34, 4 желтоқсан 2024
Жаңа Зеландия тауларында үш альпинист із-түссіз жоғалып кетті
-
12:27, 4 желтоқсан 2024
Елден заңсыз шығарылған активтер ҚР ІІМ Интерполы арқылы қайтарылатын болады
-
12:18, 4 желтоқсан 2024
Қызылордалық мердігер Рудныйды мерекелік безендірусіз қалдыруы мүмкін