СІМ ел азаматтарымен байланысты шекарада жағымсыз жағдайлардың артуына алаңдаулы

17:20, 20 мамыр 2026

© Сурет: pixabay

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 2026 жылғы 20 мамырда ведомствода өткен арнайы брифинг барысында қазақстандықтарды шетелге барар алдында шет мемлекеттердің көші-қон және визалық талаптарын мұқият зерттеп алуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, соңғы уақытта Қазақстан азаматтары шет мемлекеттердің көші-қон, визалық, транзиттік және кедендік талаптарын сақтамау немесе білмеу салдарынан жағымсыз күрделі жағдайларға тап болуы артуда.

"Бұл ретте, мәселен, қажетті визалар мен құжаттардың болмауына, елде болу мерзімдерінің өтіп кетуіне, тыйым салынған не декларацияланбаған тауарларды тасымалдауға деген талпыныстарға, сондай-ақ транзит және шет мемлекеттерде болу ережелерін сақтамауға байланысты ұшаққа отырғызудан бас тарту жағдайлары да бар. Осыған байланысты азаматтарға шетелге барар алдында баратын елдің, сондай-ақ транзит мемлекеттің заңнамасын, визалық және көші-қон талаптарын мұқият зерттеп алуды ұсынамыз", - дейді Жетібаев.

Ол төлқұжаттардың, визалардың, тұруға рұқсат беретін қағаздардың және басқа құжаттардың қолданыс мерзіміне ерекше назар аудару қажет екенін айтады.

"Бұдан бөлек, медициналық сақтандыруды алдын ала рәсімдеуді, авиабилеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуды, әуе компаниялардың багаж және транзит жөніндегі талаптарын сақтауды, өз құжаттарын үшінші тұлғаларға бермеуді, сондай-ақ ішінде на бары беймәлім бөтен сөмкелерді, сәлемдемелерді және өзге де заттарды алмауды ұсынамыз. Шетелге жұмысқа, оқуға немесе емделуге баратын азаматтар барлық қажетті құжаттың, шақыртулардың, еңбек келісімшарттары мен рұқсат беруші қағаздардың рәсімделуінің заңдылығына алдын ала көз жеткізуі тиіс", деп сөзін толықтырады Жетібаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның дипломатиялық және консулдық мекемелері өз құзыреті шеңберінде азаматтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

"Сонымен қатар, бөтен елдің заңнамасын сақтау және белгіленген талаптарын орындауға жолға шыққан азаматтың өзі тікелей жауапты болады. Қазақстан азаматтарын шетелдік сапарларын жоспарлауға жауапкершілікпен қарауға және шет мемлекеттердің заңдарын қатаң сақтауға шақырамыз", - дейді ҚР СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Ресейге баруды жоспарлаған азаматтарға үндеу жасаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!