Ұлытау облысында «Адал қоғам: Заң, сана және қауіпсіздік» атты форум өтті
© Сурет: Ұлытау облысы бойынша ЭТТД
Ұлытау облысының орталығынан шалғай орналасқан Ұлытау ауданында "Адал қоғам: Заң, сана және қауіпсіздік" атты форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Форум аудан тұрғындары, қонақтары мен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қаржылық қауіпсіздікті арттыру және есірткі қылмысына қарсы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді мақсат етеді.
Ақпараттық-ағартушылық форматта өткен шараға аудан тұрғындары, жастар, мемлекеттік органдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Форум барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдары, дропперлік схемалардың қауіптілігі, цифрлық қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ есірткі қылмысының қоғамға тигізетін зардаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде арнайы қызмет өкілдері өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсетті. Кинологиялық қызмет мамандары қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды анықтау тәсілдерін таныстырды.
Форум аясында қатысушыларға интерактивті ойындар, сұрақ-жауап алаңдары және концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Мамандардың пікірінше, мұндай кездесулер жастардың бойында құқықтық мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа, интернет-алаяқтыққа және есірткі қылмысына қарсы иммунитетті күшейтуге ықпал етеді.
Аталған форумды Ұлытау облысы полиция департаменті, Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және "Ұлытау жастары" қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 20 мамыр 2026
Тоқаев Қазақстанның Кенияға бидай экспорттауға ниетті екенін мәлімдеді
-
18:46, 20 мамыр 2026
Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды
-
18:36, 20 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысты
-
18:25, 20 мамыр 2026
Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль иеленді
-
17:58, 20 мамыр 2026
Алматыда ескі жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты 2,5 айға жол учаскесі жабылады








