Клубтағы даулы видео: Алматыда жартылай жалаңаш әртіс бұзақылық жасағаны үшін жазаланды

19:51, 19 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өзін әнші ретінде таныстыратын азаматтың ойын-сауық мекемесінде жартылай жалаңаш күйде әдепсіз әрекеттер жасап, былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады.

Сонымен қатар ол өз әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған.

Аталған құқық бұзушылық дерегі бойынша азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Ұсақ бұзақылық" бабы негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 20АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Алматы полиция департаментінде мұндай әрекеттердің қоғамға деген ашық құрметсіздік көрінісі екені атап өтілді.

"Азаматтың танымалдығы мен мәртебесіне қарамастан, әрбір адам қоғамдық орындарда заң талаптары мен әдеп нормаларын сақтауға міндетті.Эпатаж, арандатушылық және құқықтық тәртіпті әдейі бұзу арқылы назар аударуға бағытталған кез келген әрекетке қатаң құқықтық баға беріледі. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты өзгермейді: заңға қайшы кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген полиция хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!