Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

20:37, 19 мамыр 2026

© Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 мамырда 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 20 мамырда түнде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 20 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 19 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-18 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 20 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қонаев қ.: 20 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 20 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 20 мамырда жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 20 мамырда күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 20 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 20 мамырда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі. Оралда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!