Алматыда әуежайда лаң салған канадалық азамат жауапқа тартылды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында көлік полицейлері Алматы – Франкфурт бағытындағы әуе рейсінің мас күйіндегі жолаушысын анықтады. Оқиға әуежайдың екінші қабатында, анықтама бюросы маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам өзін агрессивті ұстап, айналасындағыларға балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ ол шыны витринаны жұдырығымен ұрып, сындырған.
"Сынған әйнек жақын маңда тұрған бюро қызметкерлерінің үстіне түскен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Көлік полицейлері құқық бұзушыны тексеру үшін полиция бөлмесіне жеткізді. Ол Қазақстан аумағында тұратын, Арыс қаласындағы жекеменшік компаниялардың бірінде жұмыс істейтін 32 жастағы Канада азаматы болып шықты. Тексеру нәтижесінде шетел азаматы қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды", делінген хабарламада.
Көліктегі полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген құқыққа қайшы әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатынын ескертіп, азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:11, 12 маусым 2026
+38°С дейінгі аптап ыстық, найзағай мен бұршақ: Қазақстан бойынша 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамы
-
12:58, 12 маусым 2026
Табиғат пен тарих тоғысқан өлке: Алматы облысындағы танымал мекен несімен ерекше
-
12:58, 12 маусым 2026
Табиғат пен тарих тоғысқан өлке: миллиондаған жылдар бойы түзелген сирек кездесетін жануарлар мекені
-
12:40, 12 маусым 2026
Жаңа мемлекет құруға және терроризмге шақырған: ҰҚК экстремистерді ұстады
-
12:27, 12 маусым 2026
Қазақстандықтар ақшасын қалай сақтағанды жөн көреді





